
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
«Қазақстан Қормен 30 жылдан астам уақыт жемісті ынтымақтастық орнатып, айрықша қолдауға ие болды. Біздің ХВҚ-мен ұзақмерзімді әріптестігіміз экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының сапалы әрі орнықты өсуі үшін өте маңызды», деді. Серік Жұманғарин.
Кездесуге қатысушылар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салық-бюджет саясатын жетілдіру және ұлттық қаржы нарығын дамытуға бағытталған жобалардың оң нәтижелерін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыру барысында ХВҚ-ның тәжірибесі мен ұсынымдары ескерілгені айтылды.
Сонымен қатар 2021 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келе жатқан ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ вице-премьер мен миссия басшысы мемлекеттің экономикалық нақты секторын қаржыландыру, бюджет-салық реформасын іске асыру жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың басқа да аспектілерін талқылады.