Шетелдік автомобильдер
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2023
Шетелдік автомобильдерді шілдеге дейін заңдастыруға болады
Үкімет 2023 жылғы 11 қаңтарда №13 «Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.