Қазақстан • 12 Қаңтар, 2023

Шетелдік автомобильдерді шілдеге дейін заңдастыруға болады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет 2023 жылғы 11 қаңтарда №13 «Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Шетелдік автомобильдерді шілдеге дейін заңдастыруға болады

Қағидаларда Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды утиль алым төлеуден босатқаны үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін қолдану тәртібі, шарттары мен мерзімдері айқындалады.

Қағидалар 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылады. Мемлекет басшысының шетелдік автомобильдерді заңдастыру және жолдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 12 қаңтар күні сағат 12:00-де Ішкі істер министрінің орынбасары Лепеха Игорь Владимирович орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингте айтып береді.