Эстетикалық гимнастика
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Эстетикалық гимнастика: Ел біріншілігінде Азия чемпионатына баратын үздіктер іріктеледі
Эстетикалық гимнастика – елімізде енді ғана дамып келе жатқан спорт түрі, көркем гимнастикаға ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, сайыс барысында ешқандай құрал қолданылмайды. Екіншіден, топтық сайыс болғандықтан, командада кемі 6 адам өнер көрсетеді. Үшіншіден, бұл спорт түрімен айналысу үшін қатты талап қойылмайды әрі көркем гимнастикаға қарағанда ұзақ мерзімде айналысуға болады. Елордада топтық эстетикалық гимнастикадан ел чемпионаты басталды. Бұл туралы Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.