аудиохабарлама
Оқиға • Бүгін, 11:40
Семей тұрғыны ақшасын қайтаруды талап еткен танысын балағаттағаны үшін жазаланды
Семей тұрғыны танысына ақша қарыз болған. Бірақ оны белгіленген мерзімде қайтара алмаған. Қарыз беруші кезекті рет ақшасын қайтаруды талап еткен. Оны 51 жастағы ер адам балағаттаған. Нақты айтқанда, оған өрескел түрде тіл тигізген дауыстық хабарлама жіберген, деп жазады Egemen.kz.