ақсүйек
Кино • 19 Қараша, 2020
Отандық анимация тың жаңалықтар күтеді
Кеңестік дәуірден бастау алған қазақ анимациясы осы күнде кеңінен қанат жайып, қалың көрерменнің көзайымына айналды. Бүгінгі әлеуметтің цифрлы нарыққа бейімделіп, сапалы әрі танымды дүниелердің жарыққа шығуына жол ашылды. 1967 жылы алғашқы қадамын жасаған мультипликация өнеріне биыл 53 жыл толып отыр. Әрине, қазақ анимациясы дегенде Әмен Қайдаровтың телеарна тарихындағы өлшеусіз еңбегін еске аламыз. Қазір сол игі дәстүрді кімдер жалғастыруда? Маңдай термен келген еңбек тиісті бағасын алып жүр ме? деген секілді сұрақтарды қал-қадірімізше зерделеп көрелік.