бағалы заттар сатылымы
Парламент • 01 Сәуір, 2021
ЕАЭО елдеріне отандық зергерлік бұйымдарды сату жеңілдейді
Сенаторлар бүгін осыған мүмкіндік беретін тиісті Заңды қабылдады. Соған сәйкес бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымға сынамалар орнатудың күші жойылды. Яғни, қазіргі кезде экономикалық одақтың барлық елдерінің аумағында қазақстандық тесттен өткен зергерлік бұйымдарды қайта сынамасыз сатуға болады. Бұл дегеніміз отандық кәсіпкерлерге қазақстандық зергерлік бұйымдарды ЕАЭО елдеріне экспорттау жеңілдейді деген сөз, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.