
«Келісім жобасын іске асыру ел ішінде өз шикізатын қайта өңдеу бойынша отандық аффинаж өндірісін тиімді дамытуға, қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді құруға, зергерлік бұйымдар шығаруды ұлғайтуға және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдар мен асыл тастардың еркін айналымын қамтамасыз етуге ықпал етеді», деді сенатор Жеңіс Нұрғалиев.
Бұл «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүргізу ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңда жазылған. Сонымен қатар осы Келісім қазақстандық нарықты сапасыз зергерлік шикізаттың импортынан қорғайды, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған ақпарат алмасуды жеңілдетеді.