белсенді жалғасып жатыр
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр
Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында байқалды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.