домбыра
Таным • 02 Маусым, 2021
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дейтін Қадыр ақынның қанатты сөзге айналып кеткен қуатты өлеңін білмейтін қазақ жоқ шығар. Алайда осынау шайыр өлеңін тек оқып қана қоймай, көкейімізге тоқып, әрбір айтқан сөзі санамызда сән құрып жүрсе, қане? Бұл күнде бәрі қит етсе болды, «қазақ емессің бе?», «нағыз қазақты аңсаймын», «қазақты көргім келеді» деп шаршы топта шабаланып, шырылдайтындар көп. Бәрі әйтеуір барды түземей, жоқты іздегіш. Онысы әрине, дұрыс. Өйткені іздеушісі болмай, жоғалып кетіп жатқан қаншама дүниені ойланғанына шүкір дейсің. Бірақ шынымен сол нағыз қазақ кім деген сауалға әрқайсымыз өзімізше шын жауап іздеп көрдік пе?