дәрі тапшылығы
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Елордада 3,7 млн теңге тұратын дәрілік заттар тәркіленді
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің қызметкерлері дәрілік заттар мен медициналық құралдардың заңсыз сатылуын анықтау бойынша жедел-алдын алу шараларының алғашқы тәулігінде заңсыз айналымнан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептиктердің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Дорбаласа дәрі тапшылығы жойылмайды
Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус инфекциясына қоса пневмония дертіне шалдыққандар қатары астрономиялық сипатта күрт өсуі, осы дерт бойынша адам өлімінің жиі тіркелуі тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектерге деген бұрын-соңды болып көрмеген жойқын сұранысты туғызды. Инфекционист дәрігер-мамандар кви мен пневмонияның түп-төркіні бір екенін, екеуі де қос өкпеден алып жығатынын мәлімдеп отыр. Осындай себептерден орын алатын антибиотиктер мен препараттар тапшылығы Ақтөбе өңірінде де байқалады. Фармацевтика саласы мамандары мен жетекшілерінің мәлімдеуіне қарағанда індеттен сақтану мен қорғануға қажетті дәрі-дәрмектеруақытында жеткізілуде. Әрі бірден қабылданып, дәріханалар сөрелеріне шығарылып, дереу сатылуда. Әйтсе де оның бәрі қас пен көздің арасында тез өтіп, кетуде дейді олар, - деп жазады Egemen.kz