Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Елордада 3,7 млн теңге тұратын дәрілік заттар тәркіленді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің қызметкерлері дәрілік заттар мен медициналық құралдардың заңсыз сатылуын анықтау бойынша жедел-алдын алу шараларының алғашқы тәулігінде заңсыз айналымнан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептиктердің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Елордада 3,7 млн теңге тұратын дәрілік заттар тәркіленді

"Тәртіп сақшылары хабарландыру сайттары арқылы термометр, ингавирин, парацетамол, цефтриаксон және басқа да дәрі-дәрмектер сатқан интернет-қолданушыларды анықтады. Тәркіленген дәрі-дәрмектің жалпы сомасы 3 млн.700 мың теңгені құрады" - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері 63 дана термометр, сондай-ақ жалпы сомасы 3 млн. теңге шамасында медициналық плащ, маскаларды заңсыз сатқан қала тұрғынын анықтады.

Сонымен қатар Түркістан көшесінде 200 мың теңге сомасында 100 литр антисептикті заңсыз сату фактісі анықталды.

"Барлық құқық бұзушылар полицияға жеткізілді. Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады" - деді департаментте.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тұрғындардың дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісі мәлім болған жағдайда, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінуді немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.