жануарларды қорғау кеңесі
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020
Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады
Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады. Оның құрамына жануарларды қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринария қызметкерлері, ғалымдар, ауылшаруашылық университеттерінің оқытушылары және практик-ветеринарлар кіреді. Топтық кездесулер тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы бүгін жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.