жас келін
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Қамшы мен домбыра: беташарда келіннің бетін немен ашқан дұрыс?
Қазақ үшін қыздың ұядан ұзатылып, ұлдың жеке отау құрғаны айрықша қуаныш. Перзент дүниеге келіп, ес біле бастағаннан-ақ ұлтымыз бауыр етін сол үлкен өмірге баулиды, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 17 Қазан, 2023
Жаңа түскен келіндер қандай ырым-тыйымдарды білу керек?
Келінге байланысты тыйымдардың екі түрі бар. Бірі – келіннің жеке басына салынатын тыйымдар (келін ата-енесінің төсегіне отырмайды, жалаңбас жүрмейді т.б.), екіншісі - басқа үлкен-кіші адамдардың жаман ырымдарынан сақтанып, өздерін тыйып ұстайтын іс-әрекеттері (жаңа түскен келіннің төсегіне басқа әйелді отырғызбайды, себебі жаман ырым жасап кетеді деп қауіптенеді). Мәселен, баласы түсіп қала беретін әйелдер жаңа түскен келіннің төсегіне ешкімге білдірмей отырса, бала тоқтап, перзентті болады, есесіне жас келін баланы аз табады деп ырымдап, ондай жағдайға жол бермейді. Ертеден келе жатқан ырымдарға байланысты қазақ келіндерінің қайсыбір нәрселерді істеуден тыйылып, олардан аулақ болуға тырысатын тыйым түрлерінің күні бүгінге дейін тәрбиелік мәні бар. Төмендегілер осы айтылғандарды айғақтай түседі: