- аяғы ауыр немесе жас босанған келін түнде суға бармайды;
- екіқабат келін пышақ, ара, қайшы ұстаса, мерзімінен бұрын босанады деп аяғы ауыр келінге ондай заттарды ұстатпайды;
- келін орынсыз жерде күлмейді;
- үлкен кісілердің алдын кесіп өтпейді;
- өзінен жасы үлкен адамдардың атын атамайды;
- бөтен адам кұрулы тұрған шымылдықты қарамайды;
- біреудің төсегіне отырмайды;
- адам жүретін жерге кірдің суын төкпейді;
- көп ішінде дауыстап сейлемейді;
- жұрт жұмыс істеп жатқанда состиып тұрмайды;
- ауыл ішінде келін киіз үйдің сыртынан өтеді;
- ата-енесіне қарсы сөз айтпайды;
- үйге оң аяқпен кіреді;
- мал қорасы ішіне, құлаған үй ішіне дәретке отырмайды;
- келін жаланбас жүрмейді;
- желіні, ошақты, бақанды, ыдысты, арқанды, шаңырақты, баскиімді, Құранды аттамайды;
- күнге, айға, қабырстанға, ауылға қарап және жол үстінде дәретке отырмайды;
- үйге жүгіріп кіруге, жүгіріп шығуға болмайды;
- адамдар көзінше қасынбайды;
- бүйірін таянбайды;
- салт-дәстүрден, әдептен аттап өтпейді;
- ата-ененің көзінше баласын «өз балам» демейді, «атасынын, әжесінін баласы» дейді;
- өтірік, өсек, ғайбат сөз айтпайды;
- біреудің қорасын қарамайды, есігінен сығаламайды;
- емшектегі сәбиді ұрмайды;
- жас келіндер қарашаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды;
- біреудің бетіне бажырайып қарамайды;
- келін ененің сөзін екі етпейді;
- кісіге қарсы қарап отырмайды, бір қырынан отырады;
- қазақ келіндері күйеуінің атын атамаған, бетіне карсы келмейді;
- келін жыл толмай төркініне бармайды;
- көлікке мінгенде оның алдын орап өтпейді, арт жағынан өтеді;
- ата-ене, ақсақал, қайынаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді;
- жас келінге үлкендер көп қарамайды;
- қонақ келгенде келін үй сыпырмайды, баласына не басқа біреуге ұрыспайды;
- аяғы ауыр келін түйе етін жемейді. Егер жейтін болса, баласын түйе сияқты ұзақ уақыт көтереді, мезгілінде тумайды деп ырымдайды. Сәбиі әлі қырқынан шықпаған болса, ол үйдің келіні түнде күл төкпейді. Жас босанған келіншек итке кет демейді, олай десе, тісі түсіп калады;
- аяғы ауыр немесе жас босанған келін түнде суға бармайды;
- келін екіқабат болса, бала туғанда кіндігіне оралып қалады деп оған ине-жіп ұстатпайды;
- келін аягы ауыр кезінде қоян етін жемейді, себебі баласы қоянжырық болып туады деп ырымдайды. Екіқабат келін арқан аттамайды, аттаса, баланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді;
- түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды;
- жұма күні кір жумайды, өйткені аруақтар ренжиді;
- ыдыстағы судың, тағамның бетін ашық қалдыруға болмайды,
- үйге кіргізген отынды далаға қайта шығармайды;
- толғағы қатты болады деп екіқабат келіншекке толарсақ жегізбейді;
- таң атып келе жатқанда, күн батып бара жатқанда, күн немесе ай тұтылып тұрғанда келін күйеуімен жақындаспайды, себебі бала жарым, кемтар болып туады деп ырымдайды;
- қарызға су сұрамайды немесе суды қарызға бермейді;
- үйдің бір адамы күйікке шалынған уақытта келін сирақ үйітпейді, себебі күйік тырысып қалады,
- тігін тікпейді, себебі күйген жер катты шаншып ауырады;
- көпіртіп кір жумайды, өйткені күйік жарасы жазылмай, көпіршіктене береді;
- күлді, ескі жұртты баспайды, басқан адамның аяғы сырқырайды;
- шамды үрлеп сөндірмейді, өйткені ұмытшақ болады;
- ақты жерге төкпейді, төксе малдың желіні кетеді;
- пышақты шалқасынан қоймайды, ол үйдің малы пышаққа ілінеді деп ырымдайды;
- малды кендірмен байламайды, жынғылмен айдамайды, ондай малдың басы өспейді;
- құмырсқаның илеуін басса, аяғы ақсақ болады, ал құмырсқаның илеуіне дәрет еткен келін бала көтермей қояды;
- жаңбыр жауып кетеді деп өреден кұрт алып жемейді;
- ай тоғамында келін түсірмейді;
- келін итке ожаумен ас құймайды;
- инені тістемейді;
- мезгілсіз жүрмейді;
- үлкеннен бұрын сөйлемейді, отырмайды, жатпайды т.б.
(Жоғарыда жазылған мәліметтер Әділ Ахметовтың «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары кітабынан алынған)