жол азабы
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Елді елге, жолды жолға жалғаған
Бір жүрген жан азабын оңайлықпен ұмыта қоймайтын «Қызылорда – Жезқазған» жолы еліміздің оңтүстік аймақтарын орталықпен байланыстырып тұрған ұлы сорап. Республикалық маңызы бар трасса деген аты ғана, көп жылдан бері жөндеу көрмеген жолдың кейбір үзіктерінде ертеде төселген асфальттың жұқанасы ғана қалған. Жезқазғанға дейінгі 400 шақырымның әр бұрылысын жаттап алған жүргізушілердің айтуынша, күре жолдың Қызылорда облысына қарасты бөлігінің жағдайы жаман емес. Ал 120 шақырымдық аумаққа тіпті қиыршық тас та төселмеген, көктем мен күзде жол табаны ми батпаққа айналып шыға келеді.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Бәйтеректіктер жол азабын неге тартты?
Батыс Қазақстан облысында биыл 37,7 млрд теңге қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "Жұмыспен қамту картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.