зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарауды ұсынды
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды
Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.