көл суы
Оқиға • Бүгін, 17:50
Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады
Денсаулық сақтау министрлігі Үлкен Шабақты көліндегі судың сапасына қатысты жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелерін жариялады. Бұған дейін Көкшетау тұрғыны әлеуметтік желіде Бурабайда демалғаннан кейін отбасы мүшелерінің терісінде түрлі бөртпелер пайда болғанын жазған. Оның айтуынша, әсіресе кішкентай ұлы қатты зардап шегіп, дәрігерлер оған буллезді дерматит диагнозын қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.