көші-қон бөлімі
Қазақстан • Бүгін, 11:00
18 қараша 1991 жыл атаулы күн болып Қазақстан тарихында өз орнын табатынын кім білген. 1991 жылы Алматы қаласында Қазақ ССР-ы Еңбек министрлігінен Қоныстандыру бөлімі құрылып, министрдің бұйрығымен құрамы 4 адамға бекітілді. Сол кездегі Еңбек министрі Саят Дүйсенбайұлы Бейсенов алғашқы құрылған бөлім қызметкерлерін өзіне жинап жиналыс өткізген еді. Сонда бөлім мамандарына «Қазақ деген қаның бар ма? Бар болса ғана сол сырттан келетін қандас бауырларыңмен жұмыс істейсіңдер» деп ескерткені әлі құлағымызда сақталды.