мұрат мөңкеұлы
Әдебиет • 15 Тамыз, 2021
Таңғы намазымды оқи салысымен Атыраудан шығып Мұрат Мөңкеұлының сүйегі жатқан Индерге бет алғанымызда арманның желін қуған жастық шағымдағы оқиғалар ойыма орала берді. Құдайға шүкір, осыдан отыз жыл бұрын жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбектің аузынан есімін кездейсоқ жағдайда құлағым шалып қалған күрескер ақын қазір ұлт мақтанышына айналды.