робототехнология
Білім • 26 Желтоқсан, 2024
Робототехника: Қазақстандық оқушылар үш дүркін әлем чемпионы
Елімізде соңғы жылдары дамып келе жатқан инновациялық саланың бірі робототехника. Бұл сала жаңа инновацияларды құруға және экономиканың жоғары технологиялық секторын дамытуға бірегей мүмкіндік береді. Қазақстан робототехника саласындағы инновациялық жобалар мен стартаптарды белсенді қолдап келеді. Осының нәтижесінде жас кәсіпкерлер мен стартаптар инновациялық робототехникалық шешімдерді жасауда жетістіктерін көрсетуде. Қазақстандық мектеп оқушыларының олимпиадалық стилінде робототехникадан жыл сайын өтететін әлем чемпионатында үш жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінуі осының дәлелі.