руслан дәленов
Экономика • 10 Желтоқсан, 2020
Қызмет көрсету секторы көрсеткіштер өсімінің оң динамикасын көрсетуде - Руслан Дәленов
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өз баяндамасында қарастырылып отырған кезеңдегі экономика дамуының оң қарқынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Қазан, 2020
Ауылды дамыту бағдарламаларын үйлестіру ұсынылды
Түрлі бағдарламаларды үйлестіру ауылдық аумақтарды дамытуды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы 23 қазанда парламенттік тыңдау барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 01 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады
Президентке экономикалық өсімді қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жайында баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 09 Қыркүйек, 2020
Жолдауды іске асыру жобасы 10 негізгі бағытты қамтиды
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда бизнес-ахуалды одан әрі жақсартудың шаралар кешені қабылданады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
ЖІӨ нақты өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжануда — министрлік
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы", "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңдарының жобалары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 11 Тамыз, 2020
Жыл басынан бері тауарлар өндірісі біршама өсті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 29 Шілде, 2020
Экономикалық өсуді жыл соңына дейін қалпына келтіру керек - министр
Экономикалық өсуді 2020 жылдың соңына дейін қалпына келтірудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Қазақстанда карантин салдарынан бизнестің қай саласы көп зардап шекті?
Қазақстан, әлемнің барлық басқа елдері сияқты, коронавирус пандемиясының жағымсыз салдарының жиынтығы аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешуде. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Экономика • 08 Маусым, 2020
Шағын несиелендірудің жаңа бағыты іске қосылады
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп беру кездесуінде Қазақстанда шағын несиелендірудің жаңа бағыты маусым айында іске қосылатынын айтты.