Экономика • 08 Маусым, 2020

Шағын несиелендірудің жаңа бағыты іске қосылады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп беру кездесуінде Қазақстанда шағын несиелендірудің жаңа бағыты маусым айында іске қосылатынын айтты.

Шағын несиелендірудің жаңа бағыты іске қосылады

«Қазіргі кезеңде микробизнесті қолдау маңызды мәселе болып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына «шағын және микробизнесті шағын несиелеу» жаңа бағыты енгізіледі. Қаржыландыру субсидиялау есебінен 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады. Бүгінде осындай несиелер бойынша мөлшерлемелер жоғары. Жаңа бағыт 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие алуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның айтуынша, айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін және өндірістік қажеттіліктерге 20 млн теңгеге дейін несие беріледі. Қаржыландыру көздері банктер мен микроқаржы ұйымдарының өз қаражаты болады.

«Бұл ретте кепіл беру мәселесі шешілуде. Даму Қоры қарыздың негізгі борышының 85% - ына дейін кепілдік беруді қамтамасыз етеді. Жаңа бағыт «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді тартуды талап етеді. Сондықтан бір ай ішінде шағын несиелеудің жаңа бағытын іске қосу жоспарланып жатыр», - деді Руслан Дәленов.