рухани мұра
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Материалдық емес мәдени мұраны сақтау Қазақстан үшін маңызды қадам
Қазақ халқы – ежелден бері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғары бағалап, ұл-қызын әдет-ғұрып, жөн-жосық арқылы тәрбиелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Салт-дәстүр – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Рухани мұраға қатысты заң түгілі сынық сүйем құжат та жоқ - депутат
Мәжіліс отырысында «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан вице-премьер Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, елімізде рухани мұраны қолдауға көңіл бөлінбей отырғанын айтты. Депутаттың айтуынша, қазақ халқының материалдық емес рухани мұрасы – ұлттың иммунитеті. Көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін, бірақ жаныңмен сезінетін осы құндылықтар болмаса, ұлттың жаны жалаңаштанады, деп хабарлайды Egemen.kz.