сот кабинеті
Құқық • Кеше
Ашық сот жүйесі жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтті
Әділетті Қазақстанның іргесі берік, еңсесі биік болуының басты кепілі – ашық сот жүйесі. Өйткені, ел азаматтары ең бірінші әділдікті соттан күтеді, сенім артады. Әділетті қоғамның негізгі өлшемі заң мен тәртіп болғандықтан, заң алдында барлық адам тең құқылы болуы тиіс. Сол себепті сот органдары халықтың басты қорғаны болуы керек. Мемлекет басшысының сот саласындағы ашықтыққа айрықша мән беруінің нәтижесінде елімізде бұл саладағы барлық реформа бұқараның көз алдында өтіп жатыр. Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтіп келеді.