стеноскопия
Қоғам • 13 Қазан, 2023
Моңғолияның үздік дәрігері атанған тұңғыш қазақ
Нұрбек Бабанұлы – Моңғолияның қазағы. Қазір Ұлан-Батыр қаласында тұрады. Отызында орда бұзған Бабанның баласын бүгінде тек Моңғолия мемлекеті ғана емес, әлемнің бірнеше елі білікті нейрохирург, көп маманнның тісі бата бермейтін күрделі отаны сәтті жасайтын дәрігер деп таниды. Ол бүгінде Моңғолиядағы нейрохирургиялық аурухананың жетекші меңгерушісі. Қарауында 15-ке тарта қызметкері бар. Жас та болса біліктілігімен әлемнің озық елдерінде тәжірибесін бөлісіп жүрген маманмен дидарласып сұхбаттасудың орайы туды.