стигма
Денсаулық • 26 Ақпан, 2025
ЖИТС жұқтырғандарды кемсітушілікке жол жоқ
1 наурыз – Кемсітушілікке қарсы күрес күні (Zero Discrimination Day). Ол 2014 жылдан бастап БҰҰ шешімімен жыл сайын атап өтіледі. Осыған байланысты Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары арнайы іс-шаралар ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мәселелеріне назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, оның осалдығына әсер ететін факторларды жою, әр адамның қадір-қасиетімен толыққанды өмір сүру құқығын еске салу.