технологиялық төңкеріс
Технология • 07 Ақпан, 2024
Болашақта әр ел өзінің тәуелсіз «нейрочиптерін» жасауға күш салуы мүмкін - ІТ маман
Дүниежүзінде нейрочип дәуірі дүркіреп тұр. «Нейрочип» дегенде миллиардер Илон Масктың есімі еске түскенмен, осы «технологиялық төңкеріс» бағытында өзге де жұмыс істеп жатқан компаниялар жетерлік. Мәселен, америкалық Blackrock Neurotech компаниясы 2004 жылы әлемде алғаш рет компьютерді оймен басқаратын құрылғыны миға имплантациялады. Сонымен бірге Neuralink-тің негізін қалаушылардың бірі басқа компания құрып сал ауруына шалдыққан адамдарға арнап Precision Neuroscience имлантын жасады. Масктың басты бәсекелесі Synchron компаниясы Stentrode құрылғысын 2016 жылы нарыққа ұсынып үлгерген. Илон Масктың қарсыластарын қапы қалдырып, ауызға жиі ілігуі «Нейрочип» өндірісіндегі жарнамасының өткірлігімен байланысты.