уақыт режимі
Қазақстан • 01 Шілде, 2020
Елімізде пойыз қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыруға болады
Қазіргі жағдайда "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Цифрлық трансформация" шеңберінде жобаларды белсенді енгізуде. Бұл - уақыт талабы. Басты жобалардың бірі – "Пойыз қозғалысын басқару орталығы". Оның аясында ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылуы жоспарланып отырған Ақтөбе қаласында Батыс аймақта пилоттық полигон құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол бес бөлімшенің Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда диспетчерлік орталықтарын біріктіреді. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.