указной молда
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Патшалық Ресей дәуірінде қазақ даласын отарлаушылар басты қарсылық мұсылман діні тарапынан туындайтынын жақсы білді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Мәшімбаев ресейліктер тарапынан қазақтарды діни отарлау ісін зерттей келе: «Отарлаушылар ислам діні шын мәнінде ұлттық тұтастықты ұстап тұратын ғаламат күш екенін түсінді. Дінсіздік – сананы мәңгүрттікке әкеліп, жат өркениетке бас игізіп, мәдени-рухани ассимиляцияға ұшыратып, надандыққа қалдырып, халықты ұлтсыздыққа душар ететін өте қауіпті дерт екенін жақсы білді. Міне, осыдан Ресейдің шоқындыру мен орыстандыру саясатын қалыптастырудағы басты мақсаты осындай болды», дейді.