фейк ақпарат
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2023
Әлеуметтік желіде Үкімет басшысының жалған сұхбаты тарады
Әлеуметтік желілерде Премьер-министр Әлихан Смайыловтың суретімен алаяқтық жарнама тарады. Бұл туралы Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 07 Мамыр, 2022
«Барыс Аренада» жұлдыздармен концерттің өтетіні - ФЕЙК
«БАРЫС АРЕНА» ғимаратында КОНЦЕРТТІҢ өтетіні туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2022
Елімізде дефолт және азық-түлік тапшылығы болады деген фейк тарауда
Әлеуметтік желіде Қазақстанда дефолт және азық-түлік тапшылығы болатыны туралы ақпарат тарауда. Хабарлама авторы адамдарды тез арада жылжымайтын мүлік сатып алуға, қолда бар ақшаны валютаға айырбастауға, сондай-ақ тез бұзылмайтын өнімдер қорын жасап алуға шақырады. Stopfake.kz сайты ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 21 Қыркүйек, 2021
Елімізде вакциналарды уақытша тіркеудің заңдылығы түсіндірілді
Қазнет қолданушылары біздің елімізде COVID-19-ға қарсы бірде-бір тіркелген вакцина жоқ деген хабар таратты. Олардың пікірінше, дәрі-дәрмектерді уақытша тіркеу заңсыз, өйткені ол Үкіметтің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен және ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы төтенше жағдай режимінде ғана әрекет еткен Жарлығының 1-тармағымен ғана рұқсат етіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Қазан, 2020
ПТР-тест тапсырған адамдарды 5G көмегімен бақылайды – фейк
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бұл фейк ақпарат белсенді таратылуда. Автордың айтуынша, бір неміс дәрігері ПТР сынақтар алуға арналған зондтарды зерттеп, олардан металл қапсырмаларды тапқан. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, олар жұтқыншақта қалады және 5G сигналын қабылдап, адамның ой-санасын басқарады. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.