халықты жұмыспен қамту
Жұмыс • 25 Маусым, 2024
Биыл 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының биыл 1 млн-ға жуық ел азаматын жұмысқа орналастыру жөніндегі міндетінің орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Маусым, 2023
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады
1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2023
Жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі
13 ақпаннан бастап жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлімдеді. Хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 12 мың адамның жеке нөміріне жіберіледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 28 Желтоқсан, 2021
Елордада халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 11200-ден астам адам жұмысқа орналасты
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы бүгінгі күнге дейін 18 874 азаматты қабылдады. Соның ішінде 11 234-адам жұмысқа орналастырылды, оның 7 027-сі тұрақты жұмыс, деп хабарлайды Egemen.kz.