Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, хабарлама 8 әлеуметтік топтың өкілдеріне жіберіледі. Әр жас тобы бойынша 1 000 SMS-хабарлама жіберу жоспарланған. Олардың қатарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, көпбалалы отбасылар, АӘК алушылар, «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» алған аналар бар.
Асқар Ниязовтың айтуынша, азамат хабарлама арқылы жұмыс іздеп, білімді жетілдіру немесе әлеуметтік жәрдемақы алу бойынша ақпарат алады. Қосымша ақпарат қажет болса, хабарламамен қоса жіберілген сілтемені басу қажет.
«Бұған дейін министрлік жұмыссыз жүрген азаматтардың өтініш бергенін күтіп отыратын болса, енді олардың телефонына өзіміз хабарлама жібере аламыз», деді департамент директоры Асқар Ниязов.
Ниязовтың айтуынша, қазір республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,8 пайызды немесе 80 мың адамды құрайды. Олардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында тұрады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, хабарлама тек 1414 нөмірінен келеді.