індетпен күрес
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Қауіпті індетпен күрес күшейе түсті
Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 5 709 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар көрсеткіші 501,4-ті құрап отыр. Ал пневмонияның 1 329 жағдайы анықталған. Тіркелген жағдайлардың ішінде 2 692 науқас симптомды, 3 017 науқас симптомсыз болып отыр. Өңірде қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 5 383 азамат қауіпті індеттен жазылып шыққан. Алайда өкінішке қарай, коронавирус індетінен 64 адам қайтыс болған.
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Дана Нұржігіт: Індетпен күресте дәл қазір керегі - үрейге берілмеу
"Наурыз айында жарияланған төтенше жағдай мен алғашқы карантин індетке қарсы шараларды шұғыл қолға алып, шет елдік тәжірибелерді ескеріп, көзге көрінбес жауды жауды сақадай сай отырып қарсы алуға керекті алтын уақыт еді. Өкінішке қарай, бүгінгі жағдай отандық денсаулық сақтау жүйесі берілген уақытты тиімді пайдалана алмағанын көрсетіп отыр. Президент індеттің алғашқы күнінен бастап ең ауыр сценарийге дайын отыруымыз керек демеді ме?!", дейді Сенат депутаты Дана Нұржігіт.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Ермек Маржықпаев: Індетпен күресуге қауқарымыз жетеді
"Індетпен күресуге қауқарымыз қаптал жетеді" деді брифинг барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев. Облыс әкімі сөз басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ұлттық логдаун енгізу туралы шешім қабылдағаны ел қамын жеген оң шара екендігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.