ішкі қауіпсіздік
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Сыбайлас жемқорлықпен күрес − ортақ міндет
Түп-тамырымен дендеп кеткен жемқорлықтың адымын басу оңай болмай тұр. Қоғамның қай бұрышын да қамтыған бұл дерттің емі бар ма өзі?! Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, жұрттың қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше асқынып бара жатқандай көрінеді. Әрине бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып жатқан қызметін жоққа шығаруға болмайды. Олар әшкерелеген жемқорлар қанша, әлі ашылмаған қылмыс қанша? Әлі бірталай іс тергеп-тексеріліп жатқаны, сондай-ақ беймәлім жағдайлары да бары белгілі.