Ғашықтық
Руханият • 15 Сәуір, 2025
15 сәуір – елімізде Ұлттық ғашықтар күні атап өтіледі. Рас, ғашықтық – жан қуаты. Ол – жүрек қазынасын ашатын жалғыз кілт. Мұндай баққа қол жеткізген жандардың өмірі нұрлы, көңілі гүлді болмақ. Күллі дүние олардың шұғыласына шомылады. Қисапсыз қатыгездікті әзер көтеріп тұрған қара жер осындай пәруана көңіл, пәруаза пейіл ғашықтардың құрметіне бола аман тұрғандай. Халқымыздың Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібек секілді сезім сәруарларын алғаусыз ардақтап келе жатқаны сондықтан.