ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы
Спорт • 06 Маусым, 2024
Көшпелілер ойындары: спортшылардың дайындығына арналған кешенді ғылыми топ құрылды
Биыл күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары қарсаңында спортшылар мен спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге арналған 2 кешенді ғылыми топ құрылды. Олардың бірі атбегілікпен, екіншісі ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даярлаумен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.