Қазақстан СІМ басшысы Корея Республикасына ресми сапармен келді
Әлем • 04 Қараша, 2024
Қазақ-корей ынтымақтастығы нығайып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен барды. Онда Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөз өткізіп, «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында корей компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.