Фото: Сыртқы істер министрлігі
«Hyundae Hospital» компаниясының басшылығымен өткен жиында Алматы облысында 200 орындық көп бейінді аурухана салу жобасы талқыланды, оны қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп іске асыру жоспарланып жатыр. М. Нұртілеу бұл жобаның Қазақстанның әлеуметтік саласы үшін маңыздылығына назар аударып, аурухана құрылысы корей моделі бойынша медициналық қызметтер жүйесін жақсартатынын және озық технологияларды қолдануды қамтамасыз ететінін атап өтті.
Ал «With You E&C» компаниясының өкілдерімен 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болатын Қызылорда облысында қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Зауыт экологиялық жағдайды жақсартуға және аймақ экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады. Компания сондай-ақ жобаны кеңейтуге және Қазақстанның басқа облыстарында ұқсас зауыттар құруға дайын екенін жеткізді.
«Sejong» және «Seoyon E-HWA» компанияларының басшыларымен кездесу барысында Қостанай облысында автокомпоненттер өндіруге сәйкес жобалар талқыланды. Корей әріптестері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытып, жаңа технологияларды табысты игеру үшін жергілікті кадрларды оқытуға дайын екенін айтты.