Қазақтың халық жазушысы
Пікір • 24 Қазан, 2023
Бұрын жазушылар төрт томдық шығармасының қаламақысына он пәтер сатып алатын - Смағұл Елубай
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Араға 30 жыл салып, биыл алғаш рет беріліп отырған «Қазақстанның халық жазушысы» марапатын бірнеше жазушылар иеленді. Оның ішінде қазақ халқының кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдері туралы жазған Смағұл Елубай Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, марапатқа қатысты пікірімен бөлісті.