Қайырымдылық ұйымдары
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Қайырымдылық ұйымдары іске асырған жұмыстары жайлы есеп беруге міндеттеледі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Бұл волонтерлік бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етіп, азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын жандандыруға, волонтерлік мәдениетті одан әрі нығайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ақпарат вице-министрі Болат Тілепов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.