Қосымша құн салығы
Сұхбат • 24 Ақпан, 2025
Салық мәдениетін қалыптастырамыз - Серік Жұманғарин
Қаңтар айының соңында Үкімет фискалдық жүйені және бүкіл экономиканы аяққа тұрғызатын бірқатар шараны жүзеге асыруды ұсынды. Расында, бюджетке салық түсімдерін ұлғайту – алдағы реформа шеңберіндегі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі. Бүгінгі таңда ҚҚС желісі бойынша Үкімет 16% базалық жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлемені, басым қызмет түрлері үшін 10% аралық мөлшерлемені және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін нөлдік мөлшерлемені ұсынады. Бұл ретте арнаулы салық режімдерінің саны 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқаруы мүмкін. Олай болса Үкімет салық жүйесін қалай дұрыс қалыптастырмақшы? Бүкіл кәсіпкер салықты адал төлеуі үшін оларға қандай жеңілдіктер жасауға дайын? Осы және барлық ел азаматтарын толғандырған басқа да сұрақтарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.