Құлын мен бала мүсіні
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2023
Семейде Президент еңбегін бағалаған мүсіншінің туындысы бүлінді
Абай облысының орталығы Семей қаласындағы «Арбат» алаңында «Құлын мен бала» атты тамаша туынды бүлінді. Қала сәні үшін қойылған, қоладан құйылған бұл мүсін өткен жылдың күзінде ғана «Мәңгілік ел» көшесінің бастауына орнатылған еді. Шағын алаңның бір жақ қапталында Семей қалалық әкімдігі орналасқан.