Дәл тәуелсіздік күні қарсаңында көз тартатын осынау құлын жетектеген баланың оң қолын әлдебір бұзақылардың «кесіп әкеткені» қала тұрғындарының наразылығын туғызды. Бұған қатысты Семей қаласы әкімдігі тарапынан жауап болмады.
Ал, кеше кешкісін Абай облыстық полиция департаменті мәдени нысанды бүлдіріп кеткендер іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, туынды авторы — Нұрбол Қалиев, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Семейдегі «Ақын Абай балаларымен» және «Ұстаз бен шәкірт» ескерткіштерімен де танымал.
Нұбол Қалиевті өткен жылы Мемлекет басшысы «Құрмет» орденімен марапаттаған болатын.
Аталған жарияланымға қатысты, Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының Орталық полиция бөлімі Арбатта орнатылған мүсіннің бүлінуіне қатысты 2023 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
Аталған баптың санкциясы екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта жасалған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.