қант диабеті мектебі
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020
Оқушылар қант диабеті мектебін ашуды жоспарлайды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әбілқайыр Ерғалиев пен Жангерей Зинелов қант диабетімен ауыратын балалар үшін өңірде арнайы мектептер құруды ұсынады. Дарындылардың бұл идеясы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған Dostyk.kz әлеуметтік жобалар байқауында жоғары бағаланып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.