қарағайлы орман
Президент • 24 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу науқаны өтті. Экологиялық іс-шарада өткен жылы аумағын өрт шалған қарағайлы орманды қалпына келтіру мақсаты көзделді. Облыс билігі мен тұрғындардың бұл бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.