Президент • 24 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу науқаны өтті. Экологиялық іс-шарада өткен жылы аумағын өрт шалған қарағайлы орманды қалпына келтіру мақсаты көзделді. Облыс билігі мен тұрғындардың бұл бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады

Фото: Абай облысы әкімдігі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады», делінген Берік Уәлидің жазбасында. 

Экологиялық іс-шараға 1 000 адам қатысқан. Онда өртенген орманды қалпына келтіру үшін 23 мыңнан астам қарағай көшеті отырғызылды.

Еске салайық, 2023 жылы «Семей орманы» аумағында ірі өрт болып, салдарынан 15 адам көз жұмды. Өрт 60 мың гектар аумақты шарпыды.