қарусыздандыру
Саясат • 01 Наурыз, 2023
Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қолдайды
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қарусыздану жөніндегі конференцияның Жоғарғы деңгейдегі сегментінде сөз сөйледі. Іс-шараны БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкіл Изуми Накамицу ашып, конференцияға мүше мемлекеттердің 50-ден астам өкілі мәлімде жасады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.