қысқы спорт маусымы
Елорда • 15 Желтоқсан, 2022
Елордада қысқы спорт маусымы қашан ашылады?
Елордада шаңғыроллер тасжолында 16 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді. Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.