Елорда • 15 Желтоқсан, 2022

Елордада қысқы спорт маусымы қашан ашылады?

486 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада шаңғыроллер тасжолында 16 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді. Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қысқы спорт маусымы қашан ашылады?

Қалалық спорт басқармасының баспасөз орталығының мәліметінше, жарысқа жеке спорттық жабдықтары бар кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Тіркелу кезінде жеке куәлік болуы қажет.

«Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылады. Жыл сайын қысқы спорт түрлерінен маусымның ашылуына қаланың мыңдаған тұрғыны мен қонақтары жиналады. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер, күш құрылымдарының қызметкерлері және қоғам өкілдері спорт жарыстарына қатысып, күш сынасады. Бұл ретте бастысы жеңіске жету емес, өйткені жыл сайынғы шаңғы фестивалі отбасылық және корпоративтік демалыстың жақсы бір түріне жатады. Шараға қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 09:30-да, ал шаңғы жарысы мен спорттық сайыстар сағат 11:00-де басталады. Қатысушыларға старттық нөмірлер әрбір жас тобына қарай жарыс басталмастан 30 минут бұрын беріледі. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық іс-шаралар мен шаңғы жарысының жеңімпаздары, жүлдегерлері әр жас тобы бойынша бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады. Қала тұрғындары мен қонақтарын қысқы шаңғы маусымының ашылуына орай өтетін спорттық мерекеге қатысуға шақырамыз», дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыратын іс-шара сағат 11:00-де шаңғыроллер тасжолында басталады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15